Қызылордада республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті
© Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
21 қарашада Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, төралқа мүшелері, еліміздің барлық өңірінен келген ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Аймақ басшысы өңірдегі бастамалар, атқарылған жұмыстар, қол жеткен жетістіктерге тоқталды.
«Республикалық ардагерлер кеңесі көшпелі отырысының Қызылордада өтуіне бастама көтеріп, шақыртуымызды қабыл алған баршаңызға Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін. Бүгінде аймақ экономикасын әртараптандыруға, жерлестеріміздің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар іске асуда. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әрбір жетістігіміз – халқымыздың бірлігі мен берекелі еңбегінің жемісі». Нұрлыбек Нәлібаев

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы бүгінде қарттарға, зейнеткерлер мен ардагерлерге қолдау көрсету – жұмысымыздағы басты басымдықтың бірі екенін баса атап өтті.
«Қазыналы қарияларды жан-жақты әлеуметтік қолдау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс бар. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Сіздер – еліміздің рухани тірегі, ұлттық құндылықтарымыздың сақтаушысы, отбасындағы бірліктің, ынтымақтың алтын діңгегісіздер», – деді Нәлібаев.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Басқосуда Бақтықожа Ізмұхамбетов көрсетілген қолдауға ризашылығын білдіріп, облыс әкіміне «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің Алғыс хатын табыстады.
Сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткері, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, Мәжіліс депутаты, орталық кеңестің алқа мүшесі Ермұрат Бапи, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы, алқа мүшесі Төлеубек Мұқашев, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары Мұрат Өтешов, Ескендір Елеусізов, Ғабит Тұяқов, Серік Дүйсенбаев сөз сөйледі.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жиында аймақ басшысы Адырбеков Икрам Адырбекұлына «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін және Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады. Дәстүрге сай облыс жұртшылығы атынан сый-сияпат көрсетті.
Сонымен қатар, ардагерлер қозғалысы белсенділеріне «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің Алғыс хаты, «Құрмет белгісі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы берілді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 4 сәуір 2026
Алматыда адамдарға шабуылдаған шетелдік жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты
-
17:53, 4 сәуір 2026
«Жаңбыр жауып, бұршақ түседі». Жексенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 4 сәуір 2026
Ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды
-
16:53, 4 сәуір 2026
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті
-
16:47, 4 сәуір 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамы





