Қызылорда облысында телефон ұрлаған азаматқа қатысты сот қаулысы шықты

15:38, 25 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Қызылорда облысында ұялы телефон ұрлаған азамат сот үкімімен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалып, Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебіне алынған еді.

Алайда сотталған азамат пробация талаптарын орындамай, белгіленген уақытта тіркеуге келмей, қашып жүрген. Осыған байланысты аудандық соттың шешімімен оған іздеу жарияланды.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде сотталған азамат ұсталып, сот қаулысымен оның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне еніп, сотталған азамат енді жазасын түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаковтың айтуынша, пробация есебінде тұрған азаматтар сотпен белгіленген заң талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

"Пробация талаптарын орындамау, тіркеуге келмеу немесе жасырынып жүру заң алдында жауапкершілікті ауырлатады. Мұндай жағдайда сот жазаны қатаңдату туралы шешім қабылдайды, – деді ол.

Пробация қызметі сотталған азаматтарды қоғамнан оқшауламай, қайта әлеуметтендіруге бағытталғанымен, заң талаптарын өрескел бұзған тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!