СҚО-да мектеп директорының ұялы телефонынан педагогикалық ұжымға жалған хабарламалар тараған
© Сурет: unsplash
СҚО құқық қорғау органдары интернет-алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі алаяқтардың азаматтардың құпия деректерін заңсыз иемденуінен басталатынын айтады. Мұндай әрекеттерде жиі қолданылатын әдістердің бірі - фишинг, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл - пайдаланушыны алдау арқылы оның құрылғысына зиянды бағдарламаларды енгізуге немесе жеке деректеріне қол жеткізуге бағытталған айла-тәсілдер жиынтығы. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, "тартымды" сілтемелер, pdf форматындағы құттықтау ашықхаттар, "мынау сен емес пе?" деген мәтінмен жіберілетін apk файлдар кеңінен таралған. Осындай күмәнді сілтемелерге өту немесе файлдарды ашу арқылы қаскөйлер банк шоттарына қол жеткізіп, жеке деректерді иемденуі мүмкін.
"Фишингтік шабуылдар мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне бағытталған жағдайда қауіп деңгейі одан әрі арта түседі. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінің директорының ұялы телефонына зиянды вирус енген. Алаяқтар оның WhatsApp мессенджеріндегі аккаунтын көшіріп, байланыс тізімін пайдалана отырып, педагогикалық ұжымға жалған хабарламалар жіберген. Хабарламада "жаңа нөмір" екені айтылып, мектеп қажеттілігі үшін шұғыл түрде ақша аудару сұралған. Алайда хабарламалар директор ұжыммен бірге жиналыста отырған сәтте жіберілгендіктен, алаяқтық дер кезінде әшкереленді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға шақырады. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, шығу тегі белгісіз файлдарды жүктемеу, ал ақша аудару туралы өтініштер түскен жағдайда, ақпараттың шынайылығын тікелей байланыс арқылы міндетті түрде тексеру қажет.
2025 жылы 23 желтоқсанда такси жүргізушісі зейнеткерді алаяқтардың арбауынан құтқарып қалғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:04, 25 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды
-
19:01, 25 желтоқсан 2025
Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
-
18:48, 25 желтоқсан 2025
Отшашу, пиротехникалық бұйым. Елімізде жаңа жыл қарсаңында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді
-
18:38, 25 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады
-
18:37, 25 желтоқсан 2025
Еліміздің басым бөлігінде 26 желтоқсанда қар жауып, боран соғатыны болжанады





