Қызылорда облысында сирек кездесетін жыртқыш аң - қара құлақты қаскөйлер атып тастаған

19:45, 26 шілде 2024

© Сурет: pixabay

26 шілдеде әлеуметтік желіде Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануар қара құлақтың өліп жатқан видеосы тарады. Оны қаскүнемдер атып тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Instagram-да тарады.

"Бұл сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілер санатына жатады. Жануар жойылып кету алдында тұр. Қара құлақтың тағы бір атауы - дала сілеусіні", делінген жазбада.

Бұл жайт желі қолданушыларының басым бөлігінің ашуын туғызды.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін өңірдің ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Полицияның айтуынша, қазір бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!