Қызылорда облысында ҚАЖ мекемесіне ақша өткізбек болғандардың әрекеті әшкереленді
© Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемеде сотталғандарға арналған сәлем-сауқаттың ішіне жасырылған ақша анықталды.
Екі жағдайда да заңсыз өткізілмек болған қаражат мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен техникалық бақылау құралдарының көмегімен табылып, тәркіленді. Азаматтарға қатысты әкімшілік материалдар сот қарауына жолданды.
Күдікті әрекеттер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайды. Осы ретте ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті.
Қамауда отырған ағасына сәлем-сауқат әкелген азамат мекеме аумағына жасырын түрде ақша өткізбек болған. Тексеру барысында жеткізілген спорттық киімнің оң жақ қалтасынан жалпы сомасы 30 мың теңге ақша табылды.
Аталған дерек бойынша сәлем-сауқат жеткізген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар рәсімделіп, сот қарауына жолданды.
Айта кету керек, осыған ұқсас тағы бір жағдай тіркелген. Қамауда отырған әкесіне сәлем-сауқат әкелген азаматша мекеме аумағына 10 100 теңге көлеміндегі қаражатты заңсыз өткізбек болған. Алайда бұл әрекет бақылау-өткізу пунктінде орнатылған рентген қондырғысының көмегімен дер кезінде анықталып, ақша тәркіленді.
Аталған азаматшаға қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотқа жолданды. ҚАЖ мекемелері азаматтарға сотталғандарға тыйым салынған заттарды немесе қаражатты заңсыз жолмен өткізу әрекеттері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 16 маусым 2026
Алматы полициясы граната жарылысы туралы қауесетке жауап берді
-
17:20, 16 маусым 2026
Ертең Қазақстанның 12 өңірінде 38 градусқа дейін аптап ыстық болады
-
17:15, 16 маусым 2026
Бублик Галледегі чемпиондық атағын қорғай алмады
-
17:10, 16 маусым 2026
«Қыздар.нет» сайты иелерінен қандай мүлік табылды
-
17:04, 16 маусым 2026
Санжар Жұбанов Түркияның үстел теннисі клубымен келісімшартқа қол қойды





