Алматыда Жұмабаев көшесінде төрт күнге автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
© Фото: zakon.kz
Алматы қаласының Жетісу ауданында 2026 жылғы 16 маусымнан 20 шілдеге дейін кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жұмабаев көшесінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті ведомство хабарлағандай, шектеулер Жұмабаев көшесінің Сельская көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігінде енгізіледі. Омаров және Палладин көшелері арқылы айналып өту қарастырылған.
Қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және тозған желілерді ауыстыру аясында Жетісу ауданында 716 метр кәріз құбыры жаңартылады. Аталған желі 1967 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта өзінің нормативтік пайдалану мерзімін өтеген.
Қозғалысты шектеу – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара. Себебі қайта жаңғыртылатын желі учаскесі тікелей жол төсемінің астынан өтеді.Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде барлық тұтынушылар үшін суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтері толық көлемде сақталады.Жұмыс жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері және айналып өту бағыттарының көрнекі сызбалары орнатылған. Автокөлік иелеріне бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.Тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:14, 19 шілде 2026
Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты
-
16:59, 19 шілде 2026
+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады
-
16:01, 19 шілде 2026
Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды





