«Найзағай, бұршақ, аптап ыстық». Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: unsplash
Қазақстанның 16 облысында 16 маусымда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда 16 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 16 маусымда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 16 маусымда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда 16 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 16 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 16 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 16 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 16 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 16 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт күтіледі. Өскеменде 16 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 16 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 16 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 16 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, түнде тұман болады деп күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда 16 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде жә Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 16 маусымда түнде және күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 16 маусымда күндіз 35 градусқа дейін қатты ысып, жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 16 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің ірі үш қаласы бойынша 2026 жылғы 16-18 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 15 маусым 2026
Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды
-
22:14, 15 маусым 2026
«Ақерке». Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды
-
21:15, 15 маусым 2026
Алакөлде шетелдік қос турист суға батып кете жаздады
-
20:52, 15 маусым 2026
Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды
-
20:20, 15 маусым 2026
Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген ақпарат рас па - түсініктеме





