Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды
© Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов 2026 жылғы 15 маусымда ОКҚ-да өткен брифинг барысында цифрлық теңге қандай салаларда қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әсет Тұрысов 2025 жылы Ұлттық Банкпен бірлесіп мемлекеттік сатып алу, инфрақұрылымдық жобалар, субсидиялау және салықтық әкімшілендіруді қоса алғанда, түрлі бағыттар бойынша 20-ға жуық пилоттық жоба іске қосылғанын еске салды.
"Бұл пилоттық жобалар жақсы нәтиже көрсетті. Осыған байланысты бүгін Ұлттық Банк пен Үкімет цифрлық теңгені көптеп шығару жоспарын бекітті. Нормативтік-құқықтық жағы да бекітілді. Бұл - ресми түрде Қазақстандағы үшінші валюта", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, валютаны кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. Ол бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін енгізіледі.
"Бұл - қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз ақшамен қатар жүретін ұлттық валютаның үшінші түрі. Бүгінгі таңда цифрлық теңге платформасының мәртебесі және оның жұмыс істеу тәртібі заңнамалық түрде бекітілген. Айналымға шамамен 339 млрд цифрлық теңге шығарылды. 20-дан астам пилоттық жоба іске асырылды. Цифрлық теңгені қолдану бюджет қаражатының ашықтығы мен пайдаланылуын бақылауды арттыруға, олардың нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді вице-министр.
Бұған дейін Қазақстанда "конверттегі жалақы" мәселесін шешуге бағытталған цифрлық жүйелер енгізілгелі жатқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 шілде 2026
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылдарын қатаң айыптады
-
17:52, 19 шілде 2026
20 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:14, 19 шілде 2026
Қостанайда өртенген үйден өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты
-
16:59, 19 шілде 2026
+45 градус: Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық сақталады
-
16:01, 19 шілде 2026
Алакөлде паром басып кеткен әйел екі аяғынан айырылды





