Алакөлде шетелдік қос турист суға батып кете жаздады
© Сурет: pixabay
Алакөл ауданының Көктұма ауылында аяқ асты соққан қатты жел мен тулаған толқындар судағы демалушыларға қауіп төндірді. Су ортасында қалып кеткен төрт адамға жағалауда қызмет атқарып жүрген полиция майоры Жақсылық Сәрсенов көмек керек екенін дер кезінде аңғарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жағадан шамамен 500 метр қашықтықта сапбордпен жүрген төрт адамның екеуі жағаға өз күштерімен жетуге тырысқанымен, қолайсыз ауа райының салдарынан қауіпті жағдайға тап болған. Уақыт жоғалтпай, полицей Көктұма ауылының тұрғынымен бірге оларға көмекке асықты, деп хабарлайды 2026 жылғы 15 маусымда ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
"Алдымен олар Ресей Федерациясының Магадан қаласынан келген турист әйелді құтқарып, жағаға аман-есен шығарды. Кейін оның құтқару кеудешесін пайдаланып, екінші турист әйелге жетіп, оны да қауіпсіз жерге алып шықты. Олар жүзе алмайтынын және құтқару кеудешесін кимегендерін айтқан. Сонымен қатар суда Алматы қаласынан келген тағы екі демалушы болған. "112" қызметіне хабарласқан кезде құтқарушылардың келуіне белгілі бір уақыт қажет екені анықталған. Осыған байланысты полиция майоры Жақсылық Сәрсенов пен Көктұма ауылының тұрғыны құтқарушылар келгенге дейін әйелге құтқару кеудешесін жеткізіп, оны су бетінде ұстап тұрып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Батылдықтың, жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында бірнеше адамның өмірі құтқарылды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Құтқарылғандар өздеріне дер кезінде көмек көрсетіп, жанашырлық танытқан азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.
Полиция өңір тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ауа райы жағдайын ескеруді және көлде демалу кезінде міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдалануды ескертеді.
Бұған дейін ақтөбелік әйел өзін АҚШ-тың әскери офицерімін деп таныстырған алаяққа сеніп, 1 млн теңгесінен қағылғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 15 маусым 2026
Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды
-
22:14, 15 маусым 2026
«Ақерке». Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды
-
21:49, 15 маусым 2026
«Найзағай, бұршақ, аптап ыстық». Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:52, 15 маусым 2026
Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды
-
20:20, 15 маусым 2026
Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген ақпарат рас па - түсініктеме





