«Ереже бұзғандардың нәтижелері жойылды». Негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары жарияланды
© Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Бүгін, 2026 жылғы 15 маусымда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҒЖБМ) негізгі ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсынылған дерекке сәйкес, 2026 жылдың 10 мамырында басталған негізгі ҰБТ 236 мыңға жуық рет тапсырылды.
"Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 408 рет ағылшын тілінде тапсырды. Бесінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады". ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметі
ҰБТ-ны өткізудің бес аптасында 474 ереже бұзушылық анықталды:
- 298 талапкер смартфондарды, смарт көзілдіріктерді, микро құлаққаптарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді;
- тағы 176 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды.
Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
Министрлік ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді.
ҰБТ-ға ЕБҚ бар 668 талапкер қатысты.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
Естеріңізге сала кетсек, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:56, 15 маусым 2026
Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды
-
18:32, 15 маусым 2026
«Айына 500 млн теңге табыс». Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды
-
18:04, 15 маусым 2026
Президент Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады
-
17:47, 15 маусым 2026
Ақтөбелік әйел өзін АҚШ-тың әскери офицерімін деп таныстырған алаяққа сеніп, 1 млн теңгесінен қағылды
-
17:33, 15 маусым 2026
Қазақстанда мерзімі аяқталуға жақын жүргізуші куәлігін онлайн режимде ауыстыруға болады





