Қызылорда облысында бірнеше ауыл құрамы өзгертілді

13:44, 31 қазан 2024

© Фото: amanatpartiasy.kz

Қызылорда облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 23 қазандағы "Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" шешімі қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, келесі елді мекендері таратылып, жақын орналасқан елді мекендер құрамына енгізіледі:

Арал ауданы бойынша:

  • Аққұм ауылдық округінің Күршек ауылы, Аққұм ауылдық округінің Шижаға ауылының құрамына енгізіледі;

Шиелі ауданы бойынша:

  • Сұлутөбе ауылдық округінің 16 бекет елді мекені, Сұлутөбе ауылдық округінің Сұлутөбе ауылының құрамына енгізіледі;
  • Тартоғай ауылдық округінің Ферма 2, Кірпіш зауыты және 18 бекет елді мекендері, Тартоғай ауылдық округінің Тартоғай ауылының құрамына енгізіледі;
  • Алмалы ауылдық округінің 20 бекет елді мекені, Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылының құрамына енгізіледі;
  • Бәйтерек ауылдық округінің Ақтам ауылы, Бәйтерек ауылдық округінің Бидайкөл ауылының құрамына енгізіледі.

Бірлескен қаулы мен шешім 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!