Қазақстан түрмелерінде қанша шетелдік жазасын өтеп жатыр
© Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысында қай елдердің азаматтары Қазақстанда жазасын өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикер бүгінде еліміздің түзеу мекемелерінде 1085 шетелдік жазасын өтеп жатқанын атап өтті.
"ТМД елдерінен: Өзбекстаннан – 527, Ресейден – 234, Түрікменстаннан, Тәжікстаннан және Әзірбайжаннан азаматтар бар. 1998 жылдан бастап Мәскеу конвенциясы аясында осы бағытта жұмыс жүргізіп келеміз. Сіздің қолдауыңызбен өткен жылы Өзбекстанмен екіжақты шартты ратификацияладық. Бізде бар болғаны 24 шарт бар (экстрадициялау бойынша)", — деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Бұған дейін Бас прокуратура тағдыр тәлкегіне түскен Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша пікір білдіргені хабарланған болатын. Айта кетейік, қазақ қызы 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:21, 31 қазан 2024
Қазақстанда қанша қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салғызды
-
18:02, 31 қазан 2024
Алматыда кезекті заңсыз ТЖО бұзылады
-
17:50, 31 қазан 2024
Астана тұрғыны суды тазарту аппаратынан ақша ұрлап кетті
-
17:36, 31 қазан 2024
«Іске асырымды-ақ»: қазақстандық әйел үш жылда пәтерге қалай қаражат жинағанын баяндайды
-
17:28, 31 қазан 2024
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасымен кездесті