Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған музыкалық флешмобын ұйымдастырды
20:05, 30 қараша 2017
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған музыкалық флешмобын ұйымдастырды. Шара барысында мектептің халық аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Балбыраун», «Сарыарқа», «Адай» және Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» мен «Әлқиса» секілді күйлеі шырқалды. Сонымен қатар, мектептің өнерлі оқушылары Елбасымыздың сүйіп тыңдайтын әндерінен және Ұлт Көшбасшысына арналған әндерден шеру жасап, халыққа қызмет көрсету орталығына келген облыс тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған флешмоб еліміздің барлық өңірлерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісіне кіретін мектептердің қатысуымен бір уақтытта өткізілді.
Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





