Grand Slam турнирі: бүгін татамиге шыққан үш спортшымыз жарысты аяқтады

12:12, 5 мамыр 2024

© Сурет: olympic.kz

Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam турнирінің үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

90 келідегі Аян Байғазы бірінші белдесуде чехиялық Давид Кламмертке есе жіберді.

Аса ауыр салмақтағы балуандарымыз да жарысты бірінші айналымда аяқтады. Ерасыл Қажыбаев түркиялық Ибрахим Татароғлыға, Еламан Ерғалиев ресейлік Денис Батшаевқа жол берді.

Қалған спортшылар жарысты жалғастыруда.

Айта кетелік, қазақстандық дзюдошылар Душанбедегі турнирден әзірге үш жүлде жеңіп алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!