Түркістан облысында «өнегелі ұрпақ» апталығында ардагерлердің үй ауласында сенбіліктер өтіп жатыр

13:10, 4 мамыр 2024

© Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республика бойынша өткізіліп жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының төртінші "Өнегелі ұрпақ" апталығында Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында сенбіліктер өтіп жатыр.

Шарада жастар мен ерікті азаматтар ардагерлер мен жалғызбасты қариялардың үй аулаларында тазалық әрі абаттандыру жұмыстарын атқаруда.

Атап айтқанда, шөп ору, жер аудару, ағаш бұталау, үйдің қасбеті мен қоршауларды сырлау, қоқыстан тазарту жұмыстары.

Республика бойынша өткізіліп жатқан , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 13:10

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Мәселен, бүгін Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округінің ерікті жастары тыл ардагері Бисебай Ағабековтың үйіне арнайы барды. Онда белсенді жастар үй ауласындағы арық-атыздарды тазалап, ағаштардың түбін қопсытты." Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Республика бойынша өткізіліп жатқан , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 13:10

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, аула аумағын күл-қоқыстан тазартты. Ардагер ақсақал жастарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Республика бойынша өткізіліп жатқан , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 13:10

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, еліміз бойынша экоакция аясында 27 сәуірден 4 мамырға дейін - "Өнегелі ұрпақ", ал 4-11 мамыр аралығы – "Мөлдір бұлақ" апталығы өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!