Отырарлықтар «ардагерлер» саябағында сенбілік ұйымдастырды
© Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық науқанының "Өнегелі ұрпақ" апталағында отырарлық спортшылар аудандағы "Ардагерлер" саябағына 400-ге жуық гүл көшеттерін отырғызды.
Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан орталығында орналасқан саялы баққа "Ардагерлер" атауы берілген. Бұған дейін саябаққа бірнеше көшет түрлері отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары тарапынан спорт мектептері мен мәдениет үйінің аумақтарына тазалық жұмыстары жүрді. Атқарылған жұмыстар барысында ғимараттар ауласындағы арық-атыздар тазаланып, ағаштар әктеліп ретке келтірілді.
Бүгінгі күнге дейін "Таза өлке", "Киелі Мекен", "Жасыл аймақ" экологиялық акциясына облыс бойынша жалпы 352 мыңға жуық адам атсалысқан. Қазіргі таңда "Өнегелі ұрпақ" апталығында белсенді жастар мен ерікті азаматтар – ардагерлер мен жалғызбасты қариялардың үй аулаларында көгалдандыру және тазалық жұмыстарын атқарып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:03, 18 мамыр 2024
Анна Данилина Италиядағы жарыстың финалына жолдама алды
-
22:58, 17 мамыр 2024
Көп бала асырап алған Мұрат: арасында орыс, украин, түркмендер де бар, бірақ бәрі қазақша сөйлейді
-
22:33, 17 мамыр 2024
Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды
-
22:20, 17 мамыр 2024
Өзбекстанда өткен халықаралық айтыста Мұхтар Ниязов бас жүлде иеленді
-
22:06, 17 мамыр 2024
БҚО тұрғыны алаяқтан бүкіл аурудан емдейтін «ғажап көрпені» 150 мың теңгеге сатып алған