Қытай аумағына кіріп-шығу тәртібі өзгереді
© Фото: pxhere
Келесі айда Қытайға кіріп-шығу тәртібі өзгереді. Бұл туралы қаулыға көрші елдің премьері жақында қол қойды.
Шілденің 31-де Қытай премьер-министрі Ли Цян Мемлекеттік кеңестің елге кіріп-шығу туралы қаулысына қол қойды. Бұл құжат қыркүйектің 15-де күшіне енеді. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, жаңа заңның негізгі мақсаттарының бірі – ұлттық технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ал Қытайдың "Халық" газеті бұған – мемлекет егемендігі мен даму мүдделерін қорғауды қосып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Енді қаулыға қысқаша тоқталсақ, ол 19 баптан тұрады.
Солардың қатарында негізгі үш ереже бар:
- Біріншіден, технологияны импорттау және экспорттау тәртібін бұзып, өнеркәсіптік және технологиялық қауіпсіздікке қатер төндірген қытайлық азаматтардың шетелге шығуына тыйым салынады.
- Екіншіден, өзге елде жүріп заңсыз әрекеттерге барып, қылмыс жасап, ұлттық қауіпсіздік пен мүддеге зиян келтірген қытайлықтардың Қытай аумағынан жарты жылдан үш жылға дейін шығуына тосқауыл қойылады.
- Үшіншіден, шетел азаматтары шекарада немесе өз елінде жүріп Қытайға виза рәсімдерде жалған мәлімдемелер жасаса немесе шындыққа жанаспайтын ақпарат берсе, ондай адамдардың Қытайға кіруіне бір жылдан бес жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.
Қытайдың Халық полициясы унрверситетінің профессоры Го Юнлянның дерегінше, 2025 жылы Қытайға кіріп-шығу пункттері аралығында 697 миллион сапар тіркелген екен. Гоның сөзінше, бұл – рекордтық көрсеткіш.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:52, 6 тамыз 2026
Өзін ауқаттылардың санатына жатқызу үшін табыс деңгейі қандай болуы керек - қазақстандықтар жауап берді
-
15:43, 6 тамыз 2026
Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек
-
15:35, 6 тамыз 2026
Германияда римдиктер салған 2000 жыл бұрынғы құпия жол табылды
-
15:23, 6 тамыз 2026
Оралда «Халық Қаһарманы» Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салды
-
15:15, 6 тамыз 2026
7 тамыздан бастап Алматыдан Таразға жету қиындайды





