Қырғызстанда турист құздан секіремін деп ажал құшты
© Фото: zakon.kz
Аламудун облысында шетел азаматы құздан секіру кезінде қаза тапты. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Flyjump спорт кешенінің иесі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кабар ақпараттық порталының мәліметінше, бүгін сағат 13:30 шамасында Татыр ауылына қарама-қарсы орналасқан Flyjump спорт кешенінде жардан секіру кезінде аспалы жол үзіліп, салдарынан 1985 жылы туған Б.А. есімді азамат оқиға орнында көз жұмған. Аталған факті Аламудун аудандық ішкі істер бөліміне тіркеліп, тергеуге дейінгі іс қозғалды, деп жазды Kazinform.kz.
Жиналған материалдар мен жәбірленушінің туыстарының арызы негізінде аталған факті бойынша Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы ("Тұтынушыларға қауіп төндіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 96-бабына сәйкес 1996 жылы туған Н.А. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 5 қазан 2024
Астанада еліміздегі азаматтық қоғам және адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
-
17:07, 5 қазан 2024
Пісірілген өнімдерді таңдауда қаптамадағы қандай ақпаратқа мән берген жөн
-
17:00, 5 қазан 2024
Сарапшылар дүкен сөрелерінде қазақтілді тұтынушыларға қолайсыздық тудыратын шетелдік өнімдер барын айтады
-
16:38, 5 қазан 2024
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, бес адам эвакуацияланды
-
16:30, 5 қазан 2024
Қызылордада бильярд ойнаймыз деп жиналғандардың бірі екіншісін пышақтап, 4 жыл жаза арқалады