«Күн 45 градусқа дейін ысиды». Еліміз бойынша 12 шілдеге арналған ауа райы болжамы

16:47, 11 шілде 2026

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылдың 12 шілдесіне арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбіде, болжам бойынша, республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде батыста нөсер жаңбыр болады, батыста, солтүстік-батыста бұршақ түседі.

Тек Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің екпін алатыны, түнде және таңертең еліміздің батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында аптап ыстық күтіледі: +35...+43°C.

Сондай-ақ Маңғыстау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде өте қатты ыстық болатыны болжанады: +40...+45°C.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында,, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!