Құбыр жарылып, Алматы орталығының бір бөлігі жылусыз қалды

17:40, 23 желтоқсан 2024

© Сурет: Zakon.kz

23 желтоқсанда Бостандық ауданындағы Назарбаев көшесі бойындағы жылу магистраліндегі құбырға зақым келді. "Алматы жылу желілері" авариялық қызметінің мәліметінше, апат 1984 жылы пайдалануға берілген құбырдың тозуынан болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылу желісіндегі апатқа байланысты Сәтбаев - Достық, Тайманов көшелерінің бойындағы, сондай-ақ Самал 1, 2, 3 ықшам ауданындағы тұтынушылар жылусыз қалды.

"Апатты жедел жою бойынша "АЛТС" ЖШС-ның жөндеу-құрылыс қызметі айналысып жатыр. Жылумен жабдықтау қызметі 24 желтоқсан сағат 01: 00-ге дейін қалпына келтіріледі деп күтіледі". "Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметі

Құзырлы мекеме қандай да бір штаттан тыс жағдай туындағанда (су, бу, т. б.) өз бетімен әрекет жасамауға және мына нөмірлерге қоңырау шалу арқылы болған жағдайдан хабардар етуге кеңес береді:

  • +7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы), +7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.
"Жалпы, ағымдағы жылы қалада 25 жыл бұрын пайдалануға берілген 20 шақырым жылу желілері қайта жаңартылды . Бұл бағыттағы жұмыстар келесі маусымда да жалғасын табады". "Алматы жылу желілері" ЖШС

Айта кетсек, 21 желтоқсанда Риддерде жылу орталығында жарылыс болып, алты адам зардап шеккен болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!