«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20:50, 23 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

Синоптиктер 24 желтоқсанда Астанада және Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Қарағандыда да тұман болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын жүреді. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда да түнде жаяу бұрқасын жүріп, түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Мұғалжар ауданындағы екпіні 15-18 м/с құрайды.

Астанада 24 желтоқсанда тұман түседі деп болжанады.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. 24 желтоқсанда сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ-ның екінші дәрежелі ескертуі жарияланды (желдің болмауы, ауа сапасының нашарлауы).

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алматыда да кей уақытта тұман болады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының шығысында тұман болады деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер 24-26 желтоқсан аралығында еліміздің үш облысында сынап бағаны күрт төмендеп, 35 градус аяз болатынын болжаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!