Маңғыстауда полицейлер интернет-алаяқтықты әшкереледі
© Фото: freepik
Қазан айында Маңғыстау облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасына бірнеше тұрғын белгісіз тұлғалардың интернет-алаяқтық жасағаны туралы арызданды.
Зерттеу барысында алаяқтардың өзін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілердің сеніміне кіргені анықталды.
Осылайша, олар азаматтардың 133 миллион теңгеден астам қаржысын алдап, иемденіп алған. Полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, жәбірленушілердің ақшасының 20-дан астам дроперлердің есепшоттарына аударылғанын анықтады.
Тергеу барысында дроперлердің басым бөлігінің Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері екені белгілі болды. Осыған байланысты арнайы іссапар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті ретінде 26 және 21 жастағы екі азамат ұсталды.
Олар дроперлерден түскен қаражатты өз есепшоттарына аударған. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамауда, ал қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Маңғыстау облысының полиция департаменті тұрғындарды мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Күмәнді қоңырау немесе әрекетке тап болсаңыз, тез арада құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды өтінеміз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:21, 23 желтоқсан 2024
Сирияда террористер қатарында болған екі қазақстандық сотталды
-
16:09, 23 желтоқсан 2024
Шымкентте бас шырша өртенді: Төтенше жағдайлар министрлігі кінәлі адамды атады
-
15:44, 23 желтоқсан 2024
Киберполиция ірі алаяқтықтың жолын кесіп, жәбірленушіге үш миллион теңгесін қайтарды
-
15:13, 23 желтоқсан 2024
Қазақстандық пойыздарда интернет қашан қолжетімді болады
-
14:57, 23 желтоқсан 2024
Депутат автожолдардың сапасын бағалау критерийлерін қайта қарауды ұсынды