Қызылордада 14 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді
© Фото: pexels
18-20 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен "Балалар түнгі қалада" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтті.
Үш күнге созылған рейд барысында полиция қызметкерлері 210 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар, қадағалаусыз қалған 14 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді.
Рейд нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша (ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы) 21 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды. Ал 442-бапқа (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс жерде болуы) сәйкес 172 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттамалар ресімделді.
Сонымен қатар профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес пен бопсалау деректерінің алдын алу, құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу.
Сондай-ақ жасөспірімдерге алкогольдік және темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, олардың заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үйлерден тыс аумақта болуына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізу.
Осындай шаралар құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады. Жас буынның құқықтарын қорғауға бағытталған осындай қадамдар қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне үлес қосары анық.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:42, 23 желтоқсан 2024
Абай облысында ҚАЖД мекемесіне есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды
-
16:31, 23 желтоқсан 2024
Ақтауда қанша жұмыссыз тұратыны белгілі болды
-
16:31, 23 желтоқсан 2024
Bek Air ұшағының апаты: Тергеу қайта басталуы мүмкін
-
16:21, 23 желтоқсан 2024
Сирияда террористер қатарында болған екі қазақстандық сотталды
-
16:09, 23 желтоқсан 2024
Шымкентте бас шырша өртенді: Төтенше жағдайлар министрлігі кінәлі адамды атады