Ешбір туған-туысы жоқ марқұмдарды жерлеу рәсімінде былық көп - БАҚ
© Сурет: Zakon.kz
Туған-туысы жоқ жандарды жерлеу үшін әкімдік мемлекетік сатып алу ойнатады екен. Ал ұтып алған компания марқұмдарды жерлейді. Көбіне, мұндайда діни-жоралғылар жасалмайды екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тендерді ұтып алған компания өкілдері бұл ретт ақысыз жаназа шығаратын имам қалмағанын, ал әкімдік бұл үшін қосымша қаржы қарастырмағанын айтып ақталады. Ал имамдар кісі өлімін кәсіпке айналдырған серіктестік сөз жүзінде тендердің жеңімпазы ғана болғанымен, марқұмды ақыретке аттандыратындарға артылған аманат үлкен деп, бұл пікірмен келіспейді. Жалпы, марқұмдарды жерлеу туралы мемлекеттік сатып алуда да былық көп көрінеді. Бұл туралы жерлеу рәсімімен айналысатын кәсіпкердің бірі айтты. Күдік ұялататын тұстары көп болған соң тендерға екінің бірі қатыса бермейтін болған, деп хабарлайды 24KZ.
"Иә, өзіміз көргенбіз қатысып. Бірақ бізде ешқандай мүмкіндік болмады... Ол үлкен тазалық фирмалары. Бәлен миллионның техникасын ескеріп, тек соларға шешім шығарып береді. Бізге бермейді. Сондықтан ол жақта бір форточкалар болады. Бәлен жылдың ішінде бір адамдар ғана. Сол белгілі бір адамдардан басқа ешкім жоқ. Солар ғана істейді. Олардың қағаздары бойынша, техника сол арада тұрады. Бірақ ол техника жоқ, шынын айтса". Қуаныш Жанболатұлы, құлпытас орнату қызметін көрсететін компания директоры
Жерлеу рәсімінде де бәсеке жоғары. Finprom сайтының дерегінше, соңғы бір жылда Қазақстандағы жерлеу қызметінің құны 13 пайызға қымбаттаған. Батыс Қазақстан өңірінде баға, тіпті 39 пайызға шарықтаса, Абай және Ақмола облыстарында 30 пайызға артқан. Жамбыл облысы мен Алматы қаласында ғана жерлеу рәсімінің құнында, анау айтқандай өзгеріс, жоқ: 1 пайыз. Бағаның қымбаттауына импорт себеп. Құлпытастардың дені Ресей, Украина, Қытай, Үндістаннан келеді, - дейді мердігер компаниялар.
"Зират жұмыстары, жерлеу рәсімдері, қоштасу рәсімдері бар. Чек қазір 300-350 мыңның аралығында шығып тұр. Орта деңгейде істейтін болсаң. Менің тәжірибемде көрген ең қымбат тапсырыс, сол уақыттағы доллардың курсы бойынша 250 мың доллар болған. Үлкен мавзолей көтерді".Мәди Жуанханов, жерлеу рәсімін ұйымдастыру компаниясының директоры
Тағы бір таңқалдырғаны жерлеу рәсімін кредитке рәсімдеуге де болады. Қайтыс болған туысын жер қойнына тапсыруға қаржысы жоқтар пайызы көп қарызға батып жүр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 23 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-дағы жолдардың бір бөлігі жабылды
-
22:16, 23 желтоқсан 2024
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
-
21:29, 23 желтоқсан 2024
Семейдегі шырша: Дәрігерлер жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан мұғалімнің жағдайы туралы айтты
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:29, 23 желтоқсан 2024
Атырауда дүкенге кетіп, сол күйі оралмаған 11 жасар бала табылмай жатыр