Мұғалім жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде құлап түсті: Аймағанбетов кінәлілерді жазалауды талап етті
© Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Семейдегі жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде мұғаліммен болған оқыс оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол 22 желтоқсанда өзінің Telegram арнасында мәлімдеді.
"Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны орнатуға тартып, соның салдарынан бір мұғаліміміздің ауыр жарақат алғаны алаңдатты. Мұндай жағдайды жай ғана "жаңсақтық" деп қарастыруға болмайды. "Педагог мәртебесі туралы" заңның 6-бабында нақты көрсетілген: мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынады. Жаңа жылдық шырша орнату, көше тазалау, басқа да науқандарға мәжбүрлеп тарту сияқты ескі "дәстүрлерден" біржола бас тартуымыз керек. Бұл – заңды өрескел бұзу",- деді депутат
Оның айтуынша, облыс басшылығы бұл жағдайды мұқият тергеп, жауапты тұлғаларды жазалауы тиіс.
"Мұғалімдерге тікелей міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату үшін министрлік бақылауды күшейтуі қажет. Білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері мұғалімдердің құқықтарын қатаң сақтау бойынша міндеттерін орындауы тиіс. Мемлекет басшысы әрдайым мұғалімдердің мәртебесін қорғау мен олардың құқықтарын сақтау мәселесін ерекше назарда ұстап келеді. Біздің міндетіміз – сол талаптарды орындап, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жарақат алған әріптесімізге тезірек сауығып кетуін тілеймін".Асхат Аймағамбетов
Бұған дейін Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалімнің зардап шеккені туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, оқиғаға қатысы Оқу-ағарту министрі де пікір білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 23 желтоқсан 2024
Шымкентте 201 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз алған
-
14:04, 23 желтоқсан 2024
Цифрлық активтер айналысы саласындағы кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптар жаңартылды
-
13:50, 23 желтоқсан 2024
Есірткіге мас күйінде көлік жүргізген павлодарлық ұсталды
-
13:37, 23 желтоқсан 2024
Қазақстандық балабақшалар мен мектептерде арнайы педагогтардың ставкалары пайда болады
-
13:21, 23 желтоқсан 2024
Албания TikTok-қа бір жылға тыйым салады