Атырауда дүкенге кетіп, сол күйі оралмаған 11 жасар бала табылмай жатыр
© Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау қаласында "сүт алып келемін" деп дүкенге шығып, жоғалып кеткен 11 жасар баланың табылмай жатқанына осымен үшінші күн, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсая ықшам ауданында 2013 жылы туған Жасұлан Назарчук 2024 жылы 20 желтоқсанда сағат 10:35-те дүкенге барып келемін деп, үйінен шыққаннан соң із-түссіз жоғалып кеткен.
Жоғалған ер баланың үстінде қою жасыл түсті күрте, спорттық үлгідегі қара шалбар, аяғына қара аяқ-қиім киген.
"Қазіргі таңда жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 нөміріне немесе анасының нөмірі 8778 950 28 45 (Наталья) дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз", делінген полиция хабарламасында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:27, 23 желтоқсан 2024
Қолайсыз ауа райына байланысты БҚО-дағы жолдардың бір бөлігі жабылды
-
22:16, 23 желтоқсан 2024
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
-
21:46, 23 желтоқсан 2024
Ешбір туған-туысы жоқ марқұмдарды жерлеу рәсімінде былық көп - БАҚ
-
21:29, 23 желтоқсан 2024
Семейдегі шырша: Дәрігерлер жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан мұғалімнің жағдайы туралы айтты
-
20:50, 23 желтоқсан 2024
«Тұман, боран, көктайғақ». Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды