Қазақстаннан Өзбекстанға заңсыз дәрі тасымалдау тыйылар емес

12:35, 23 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстаннан Өзбек еліне заңсыз дәрі тасымалдау тыйылар емес. Шекарада құрамында есірткі заты бар препараттарды сәбидің киіміне жасырып алып өтпек болған әйел ұсталды.

Кеденшілер Гишткуприк бекетінен бала көтеріп өтіп бара жатқан әйелдің заңсыз әрекетін анықтады.

Тексеру кезінде 9 айлық нәрестенің киімінің арасынан "Анаферон" препаратының 32 данасы табылды. Кеден комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті мұндай әрекетке екінші рет барып отыр.

Осыдан тура бір ай бұрын "Авамис" деп аталатын дәрінің 21 данасын жасырын алып өтпек болғанда тоқтатылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ол кезде де дәрілер бала киімінің арасынан табылып, әйел әкімшілік жазамен құтылған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!