ҚТЖ пойыздардың кешігуінің негізгі себептерін атады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары Әнуар Ахметжанов 16 маусымда Үкіметте өткен брифингте жолаушылар пойыздарының кешігуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, пойыздардың кешігу жағдайлары шынымен кездеседі және бұл көбіне жаз мезгілінде теміржол инфрақұрылымында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты.
"Бұл мәселе қала маңындағы немесе алыс бағыттағы пойыздарға бөлінбейді. Жалпы жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық пойыздар жөндеу жұмыстары кезінде енгізілетін шектеулерге тәуелді. Қала маңындағы пойыздар да басқа жолаушылар пойыздарымен бірдей деңгейде қарастырылады. Теміржол жүйесінде жолаушылар пойыздарына ресми түрде басымдық берілген", – деді Әнуар Ахметжанов.
Оның сөзінше, жолаушылар пойыздары қозғалыс кестесін жасау кезінде де, жол бойындағы өткізу тәртібінде де артықшылыққа ие.
"Әрбір кешігу жағдайын жеке қарастырып, нақты себебін анықтауға болады. Алайда жалпы алғанда, қазіргі таңда пойыздардың кешігуіне ең алдымен ауқымды жөндеу жұмыстары әсер етіп отыр. Сонымен қатар вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары да ықпал етеді. Себебі перрондардың жұмысы теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетіне тікелей әсер етеді. Сондықтан биылғы кешігулердің негізгі себептері – теміржол желілеріндегі жөндеу жұмыстары мен вокзалдарды жаңғырту жобалары", – деді ҚТЖ өкілі.
Бұған дейін Әнуар Ахметжанов теміржол билеттерінің бағасына қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:54, 16 маусым 2026
Кассалық аппаратсыз жұмыс істеген кәсіпкерлер анықталды
-
16:45, 16 маусым 2026
ҰБТ өткізілген 5 апта ішінде талапкерлер 470-тен астам ереже бұзды
-
16:33, 16 маусым 2026
Маңғыстау облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
-
16:23, 16 маусым 2026
Ақмола облысында жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды
-
16:15, 16 маусым 2026
Қызылорда облысында ҚАЖ мекемесіне ақша өткізбек болғандардың әрекеті әшкереленді





