Кассалық аппаратсыз жұмыс істеген кәсіпкерлер анықталды

16:54, 16 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қазақстан базарларындағы 5 мыңға жуық сатушы кассалық аппаратсыз жұмыс істеген. Жыл басынан бері Сауда министрлігі азық-түлік базарларында рейд жүргізіп, нәтижесінде 150 делдал анықталып, сауда тізбегінен шығарылды.

Тексеру жұмыстары еліміздің 60-тан аса базарында жүргізілді. Нәтижесінде 486 заң бұзушылық анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Қаржы министрлігінің 38 базарда жүргізген тексеруі 4 мың 843 сатушының кассалық аппаратсыз жұмыс істегенін, ал 5 мың 846 сатушыда POS-терминалдардың болмағанын көрсетті.

Сонымен қатар заңсыз айналымнан 32,5 мың дана таңбаланбаған тауық жұмыртқасы тәркіленді.

Ішкі істер органдары болса, ретсіз сауданың 2 мың 345, ал заңсыз кәсіпкерліктің 201 фактісін анықтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!