Қостанай облысындағы «Желқуар» автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтатылды

18:41, 29 наурыз 2024

© Сурет: ҰҚК Шекара қызметі

Қостанай облысындағы "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты 2024 жылғы 29 наурыздан бастап "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.


"Көлік құралдарының жүргізушілеріне және осы аймақта шекарадан өтуді жоспарлап отырған адамдарға қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздерінің қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!