Мемлекет басшысы қалалық сенбілікке қатысты

12:03, 27 сәуір 2024

© Сурет: Telegram/Aqorda

27 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы "Ұлытау" аллеясында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, "Ассамблея жастары" ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысты, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сенбілік барысында жалпы саны жөке ағашының 430 түп көшеті отырғызылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!