Қостанай облысында жер сілкінді

12:31, 27 шілде 2024

© Сурет: wikimedia

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының ұлттық деректер орталығының мәліметтері бойынша, Қостанай облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2024 жылы 27 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 09: 54-те (Гринвич уақыты бойынша - 04:54) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым қашықтықта сейсмикалық факт тіркелді.

  • Жер сілкнісі ошағының координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық.
  • Магнитудасы - mb=3.9.
  • Энергетикалық класы - К=9.4.

Аймақ тұрғындары үшін жер сілкінісі қаншалықты сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!