Қостанай облысында жаңа жыл түні қар құрсауында қалып кеткен көлікке көмек көрсетілді

11:42, 1 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

Жаңа жылда түнде Қостанай облысында жеңіл көлік қар құрсауында қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарасу ауданындағы аттас ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып кеткен.

"1995 жылы туған ер адам 112 нөмірі бойынша құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар жоғары өтімді техникамен жедел аттанып, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жүргізуші медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген хабарламада.

Бұған дейін Жаңа жыл түні елімізде 181 сәби дүние келгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!