Қостанай облысында мектеп ғимараты жартылай қирады

13:28, 8 қыркүйек 2024

© Фото: zakon.kz

Қостанай облысының Новонежинка ауылында үшінші қабаттағы қабырғаның бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға 2024 жылғы 7 қыркүйекте болған, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әулиекөл ауданының әкімдігі оқиға кезінде ғимаратта балалар мен мұғалімдердің болмағанын айтты.


"Оқиға орнында комиссия жұмыс істеп жатыр, дереу техникалық тексеру жүргізіледі және қорытынды жасалады. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады, балалар қашықтан оқытуға ауыстырылды", - деп хабарлады әкімдік.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!