«Боран, тұман, көктайғақ». Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

17:33, 19 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 қаңтарда Астана мен еліміздің 17 өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз қар бұрқасындатып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда күндіз жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Астанада күндіз және түнде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда да көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысында көктайғақ болып, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Ақтөбеде де көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар жауады деп күтіледі. Бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Қостанай облысында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда күндіз бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Оралда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылордада тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен және тау бөктерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда күндіз көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын жүріп, жолдарда көктайғақ болады.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта тұман түседі. Қонаевта да кей уақытта тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман болады. Талдықорғанда да түнде тұман болады деп күтіледі.

Синоптиктер 19 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын және кей өңірде жауын-шашын түсетінін болжады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!