Көшелер жабылып, әскери ұшақтар жаттығу өткізеді: 9–14 қазанда Астанада не болады

12:08, 9 қазан 2026
MKZ: 1571415

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына маңызды үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламаға сәйкес, елордада бірқатар халықаралық саяси іс-шараға дайындық жүргізілуіне және олардың өткізілуіне байланысты 2026 жылғы 10–14 қазанда қала көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

"Іс-шараларға арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және ҚР Қарулы күштерінің ресурстары жұмылдырылады", – деп хабарлады ҚР Мемлекеттік күзет қызметі.

Сонымен қатар 9 қазаннан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары өтеді.

"Астана тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің үндеуінде.


Бұған дейін Қазақстанның орталығы мен солтүстігін байланыстыратын тасжолда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілгені хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!