Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: сайыстың бірінші күні қазақстандықтар үшін қалай өтті

17:47, 24 қазан 2024

© Сурет: olympic.kz

Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

63 келіге дейінгі салмақта Аружан Жанғабаева алғашқы жекпе-жекте ресейлік Милана Дзугаеваны жеңді.

60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Алексей Хаванцев қырғызстандық қарсыласы Әлихан Майранбековтен басым түсті.

Өкінішке қарай, әлем чемпионатын Андрей Румянцевтен (Беларусь) жеңілген Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейігі салмақта) аяқтады.

Ал Толғанай Қасымхан (60 келіге дейінгі салмақ) Мена Юлиді (Венесуэла) алғашқы жекпе-жекте-ақ жеңді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!