Конституциялық сот әскери зейнетақы тағайындау нормасын тексерді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Конституциялық сотқа әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау шарттарын айқындайтын Әлеуметтік кодекстегі нормаға қатысты өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өтініштің түсуіне еңбек өтілі 26 жылдан асқан, бірақ теріс себептермен қызметтен босатылған бұрынғы әскери қызметшіге зейнетақы тағайындаудан бас тарту фактісі негіз болған. Төменгі сот инстанциялары бұл шешімді заңды деп таныған.
Өтініш беруші қажетті еңбек сіңірген жылдары болған жағдайда, зейнетақы тағайындау үшін міндетті түрде шекті жасқа жету талабы өзге негіздер бойынша босатылған адамдармен салыстырғанда әділетсіз деп есептейді.
Конституциялық соттың түсіндіруінше, әскери зейнетақы екі шарт сақталған жағдайда ғана тағайындалады: жеткілікті еңбек сіңірген жылдардың болуы және қызметтен шекті жасқа жетуіне байланысты босатылуы. Бұл талаптар әскери қызметтің ерекше мәртебесін ескере отырып заңмен белгіленген.
Нәтижесінде Конституциялық сот әртүрлі жағдайлар үшін әртүрлі талаптардың болуы, егер олардың ақылға қонымды және заңды негізі болса, өздігінен кемсітушілік болып саналмайтынын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:24, 5 маусым 2026
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті
-
22:06, 5 маусым 2026
Қарин: Конституциялық реформаның үшінші кезеңі мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған
-
21:39, 5 маусым 2026
Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді
-
21:28, 5 маусым 2026
«Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр». Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:59, 5 маусым 2026
Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте «Ролан Гарростың» финалына шықты





