Экология министрлігі құрғақшылық қаупі жоғары өңірлерді атады
© Фото: pixabay
2026 жылғы 12 мамырда өткен Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы жазғы ауа райы болжамына тоқталып, құрғақшылық қаупі бар өңірлер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, көктемгі дала жұмыстары кезеңінде топырақтағы ылғал қоры жалпы алғанда қолайлы деңгейде. Алайда жекелеген аудандарда ылғал тапшылығы туындауы мүмкін.
"Ақтөбе облысының Шалқар ауданы мен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жайылымдық алқаптарда құрғақшылықтың қалыптасу қаупі бар", – деді Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, маусым айында еліміздің астық егілетін өңірлерінің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады.
Сонымен қатар жауын-шашын тапшылығы елдің орталық және оңтүстік-батыс өңірлерінде байқалуы ықтимал. Атап айтқанда, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысында, Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жауын-шашын аз түсуі мүмкін.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылы Қазақстанда қандай ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілетінін мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 28 маусым 2026
Францияда парашютшілер мінген ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
-
16:38, 28 маусым 2026
Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр: 29 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады
-
16:18, 28 маусым 2026
Алма-Арасан шатқалындағы жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
-
15:23, 28 маусым 2026
Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
-
15:15, 28 маусым 2026
Алматыдағы бір көше бір айға жабылады





