Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

18:29, 11 мамыр 2026

© Сурет: zakon.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы 11 мамырда Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді", – деді президент.

Мемлекет басшысы президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды.

Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор.

Қазақстан президенті мен Бразилия сыртқы істер министрі энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективасын талқылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!