Ақмола облысында құтқарушылар өрттен бір отбасыны аман алып шықты

15:58, 11 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Ақмола облысы Қосшы қаласында өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден бір отбасыны аман алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Қосшы қаласындағы Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйдің бірінде болған. Тілсіз жау пеш орналасқан бөлменің шатырынан тұтанған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуы – пешті пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігн сақталмаған. Жалынның аумағы 10 шаршы метрді алған.

Құтқарушылар үйден үй иесін және 2019, 2021 және 2026 жылы туған үш баланы аман алып шықты.

Бұған дейін ШҚО-да жоғалып кеткен жігіттің денесі көлден табылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!