Түркияда жол апатынан қаза тапқан Қазақстан емес, өзге елдің азаматы болып шықты - БАҚ
© Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылы 11 мамырда еліміздегі бірқатар БАҚ беттерінде Түркия астанасы Анталияда Қазақстан азаматы жол апатынан көз жұмғаны туралы ақпарат жарияланған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тіпті, марқұм 27 жастағы Құбат Аманбековты Анталияның Серік ауданында велосипедпен жұмыстан қайтып келе жатқанында көлік қағып кеткені туралы да қосымша ақпарат берілген. Сөйтсек марқұм Қазақстан емес, өзге елдің азаматы болып шықты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады:
"Түрік тарапының ақпараты бойынша қаза тапқан Қырғыз елінің азаматы болып табылады".
Түркия полициясы жол апатының мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары қолға алынғанын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:01, 11 мамыр 2026
СҚО-да жеңіл көлік апатқа ұшырап, әйел адам қаза тапты
-
18:47, 11 мамыр 2026
Мажарстан премьер-министрі Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, хат жолдады
-
18:29, 11 мамыр 2026
Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады
-
17:16, 11 мамыр 2026
ЕАЭО саммиті: Астанаға Пашинянның орнына Мгер Григорян келетін болды
-
16:56, 11 мамыр 2026
Қазақстан құрамасы садақ атудан Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды





