ШҚО-да жұмысшы биіктен құлап, мерт болды

19:56, 11 мамыр 2026

© Фото: zakon.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шығыстүстімет" ЖШС нысанында 2026 жылдың 9 мамырында қайғылы оқиға орын алды.

Yk.kz басылымының хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, мерт болды.

"Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу шаралары жүргізілуде", делінген хабарламада.

KAZMinerals компаниясы қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!