Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар: Алматы тұрғындарына қайта ескерту жасалды

09:22, 16 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Ауа райын болжау мамандары сейсенбі, 16 желтоқсанда Алматы қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мекемесінің мәліметінше, 2025 жылғы 16 желтоқсанда Алматыда ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, әлсіз жел, тұман және ауа қабаттарының алмасуының баяулауы сияқты қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың жиынтығы. Мұндай жағдайлар зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына себеп болады.

Осындай кезеңде қала тұрғындарына, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен өзге де ластану көздеріне жақын жерлерде, далада болу уақытын азайту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қантамыр және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққан кезде өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі қажет.

Сонымен қатар 16 желтоқсан күні Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және елдің барлық он жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!