Алматыда Бибігүл Төлегенованы әскери оркестрмен құттықтады
© Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Алматы қаласында қазақстандық опера әншісі, актриса әрі педагог Бибігүл Төлегенованың үйінің ауласында әскери оркестр өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы Бостандық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшілері Бибігүл Төлегенованы Тәуелсіздік күнімен және туған күнімен құттықтап, гүл шоқтарын табыстап, оған зор құрмет пен алғысын білдірді.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Туған күні еліміздің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген өнер иесі өз үйінің терезесінен концертті күлімсірей тамашалады. Әскери оркестрдің өнерін әншінің өзі мен жақындары ғана емес, үйдің барлық тұрғындары да қызыға тыңдады.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Белгілі өнер иесі әскери қызметшілерді әрдайым өз шаңырағында ерекше қуанышпен, үлкен ілтипатпен қарсы алады. Бибігүл Ахметқызының көңіл күйі көтеріңкі болып, келген қонақтарды тамаша көңіл күйімен және жақсы хал-жағдайымен қуантты. Ол әскери қызметшілерді және барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға мықты денсаулық, бақ-береке мен ашық аспан тіледі.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
"Мен әрдайым әскери киімдегі адамдарға ерекше құрметпен қараймын. Қызметтеріңіз үшін және осындай әсерлі сыйлық үшін алғыс айтамын. Елімізге тыныштық, ал әрбір қазақстандыққа денсаулық, бейбіт өмір және ертеңгі күнге сенім тілеймін", – деді Бибігүл Төлегенова.
Бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 16 желтоқсан 2025
Қостанайда көпқабатты үйде жиһаз өртеніп, түтін толған ғимараттан ондаған адам эвакуацияланды
-
18:04, 16 желтоқсан 2025
Алматыда монша және сауна иелерімен профилактикалық жұмыс күшейтілді
-
17:40, 16 желтоқсан 2025
Қазақстандық конькимен жүгіруші Норвегиядағы Әлем кубогы кезеңінде 6-орын алды
-
17:31, 16 желтоқсан 2025
Алматыда шетелдік туристер көп баратын ТОП-8 орын қайсы
-
17:20, 16 желтоқсан 2025
Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыста қарсыласын ойсырата ұтты





