«Бүкіл өмірім көз алдымнан өтті»: Оралда пәтерде болған жарылыстан аман қалған өрт сөндірушінің оқиғасы
© Сурет: Мейірбек Тажкуранов
Қуаныш Тілешов Оралдағы №1 өрт сөндіру бөлімінде он жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде талай жағдайды бастан өткергенімен, 12 желтоқсанда болған оқиғаны ол жадында мәңгі сақтары анық. Мыңдаған қазақстандықтар тағдырына алаңдаған өрт сөндірушімен Zakon.kz тілшісі сұхбаттасты.
2025 жылғы 12 желтоқсанда Циолковский көшесіндегі №1 үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Қызыл жалын жылдам күш алып, кіреберіс пен баспалдық бойы қою түтінге толған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер пәтерге балкон арқылы кірмек болған, бұл – қалыпты, бірақ әрдайым қауіпті тәсіл.

Сурет: Қуаныш Тілешовтың жеке мұрағатынан
Қуаныш жоғарыға алғаш көтерілгендердің бірі болды. Ол балконда тұрып, ішке кіруге дайындалып жатқан сәтте, санаулы секунд ішінде жағдай бақылаудан шығып кетті.
"Бір мезетте өте қатты жарылыс болды. Алғашында не болғанын түсінбей қалдым. Уақыт тоқтап қалғандай әсер болды. Абырой болғанда, дер кезінде жата қалдым, Алла тағала сақтады", – деп еске алады ол.
Жарылыстың күші соншалық, балкон мен терезе жақтауларының күл-талқаны шыққан. Қуаныштың айтуынша, сол сәтте шынымен де бүкіл өмірі көз алдынан өткен.

Сурет: Zakon.kz
"Бізді мұндай жағдайда әрдайым сабыр сақтауға үйретеді. Менің орнымда әріптестерімнің кез келгені дәл осылай әрекет етер еді деп ойлаймын. Оқиғадан кейін, телефонымның қуаты отырып қалғанын көрдім. Өрт сөндіру бөліміне оралғанда, әріптестерімнің бәрі қатты алаңдап отырғанын көрдім, бәрі мені сұрап жатыр екен. Телефонды қосқан соң әйелімнен, туыстарымнан, басшылықтан, әріптестерімнен, тіпті мүлде танымайтын адамдардан да ондаған қоңырау мен хабарлама келгенін көрдім. Департаментке журналистер мен қарапайым тұрғындар келе бастады… Сол кезде төтенше жағдайлар саласында қызмет ететінімді мақтан тұттым. Бұл оқиға маған көп нәрсені қайта ой елегінен өткізуге себеп болды. Енді өмірдің әр минутын қадірлеймін", – дейді Қуаныш Тілешов.
Кейіпкеріміз 30 жаста, Орал қаласында дүниеге келіп, осында өскен. Күнделікті өмірде Қуаныш – үлгілі отағасы, қамқор әке. Жұбайы Манар екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр.

Сурет: Қуаныш Тілешовтың жеке мұрағатынан
Қуаныш пен Манар танысқан кезде ол өрт сөндіру бөлімінде қызмет етіп жүрген. Сондықтан қауіпті мамандық Манар үшін тосын жаңалық болмаған. 2017 жылы олар осы қызметтің барлық тәуекелін саналы түрде қабылдап, шаңырақ көтерген.
"Ең бастысы – адамның өз ісін жақсы көруі", – дейді Манар.
Алайда қабылдау деген қорықпау деген сөз емес. Әр кезекшілік өрт сөндірушінің отбасы үшін алаң мен дұғамен өтеді. Желіде оқиға орнынан тараған бейнелерді көргенде Манар жанын қоярға жер таппағанын айтады.
"Өте қатты қорықтым. Бірақ, Аллаға шүкір, ол аман қалды", – дейді Манар.
Үйде ол күйеуін сұрақтың астына алмайды. Ол үшін ең маңыздысы – Қуаныштың ауыр ауысымнан кейін демалып, күш жинауы.
Өз отбасы үшін Қуаныш – жай ғана өрт сөндіруші немесе құтқарушы емес. Ол – тірек, қорған, қамқор әке әрі сенімді жар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:53, 15 желтоқсан 2025
Мэрайя Кэри 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысады
-
18:46, 15 желтоқсан 2025
Батыс Қазақстан облысында үш адам үсіп өлді
-
18:16, 15 желтоқсан 2025
Анасын өлтіріп, әжесін жарақаттаған: зардап шеккен ақтөбелік ауруханадан босап шықты
-
17:53, 15 желтоқсан 2025
«Қайрат» клубының футболшыларының қатары тағы бір шетелдік легионермен толықты
-
17:40, 15 желтоқсан 2025
Қар жауып, боран соғады: Тәуелсіздік күніне арналған ауа райы болжамы





