Қолайсыз ауа райында 3 айлық сәбимен жолда қалған жанұя полицейдің үйінде түнеп шықты

10:31, 12 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысында үскірік аяз бен боран уақытында жолда қалып қойған отбасыға полицей пана болды. Олжас Тәліпов 3 айлық нәрестесі бар жанұяны үйінде түнетіп, оларға қонақжайлылық танытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz дерегіне сүйенсек, Ақтөбе облысындағы бірқатар автожолдар уақытша жабылып, жолда қалған азаматтар арнайы ұйымдастырылған жылыту пункттеріне орналастырылған.

Ал, спорт залында 3 айлық нәрестеге қолайлы жағдайдың жоқтығына байланысты полицей оларды өзінің баспанасына апарған.

"Полицейдің жары қонақтарды жылы қарсы алып, ыстық шай ұсынып, сәби үшін қажетті жағдай жасауға көмектесті. Инспектордың қызы да қонақтарға қуанып, қолдан келгенше қамқорлық көрсетті",- делінген ақпаратта.

Өз кезегінде, Атырау облысынан келе жатқан ерлі-зайыптылар полиция қызметкеріне және оның отбасына көрсеткен жанашырлығы мен адамгершілігі үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Бұған дейін Шымкентте болған қайғылы оқиғадан кейін әкімдік мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!