Қарқынды өсім: қазақстандықтар газды көбірек тұтына бастады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 11 ақпанда Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстандағы газ қоры туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміздің газ бойынша ресурстық базасы шамамен 3,8 трлн текше метрді құрайды. Ал жылдық газ өндіру көлемі шамамен 60 млрд текше метр деңгейінде.
"Жылдық газ өндіру көрсеткіштері сырттай қарағанда жеткілікті болып көрінгенімен, бүгінде елдің ішкі тұтыну көлемі 21,6 млрд текше метрге жетті. Қазіргі уақытта елді газдандыру деңгейі 64,2%-ды құрайды. Соңғы жылдары елімізде газ тұтыну көлемінің қарқынды өсімі байқалуда", – деді Жаңбыршин.
Өз кезегінде Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев газ өндіруге қатысты болжамды мәліметтермен бөлісті.
"QazaqGaz компаниясының ресурстық базасында 14 нысан бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Болжамды көлемі – 115 млрд текше метр газ. Сонымен қатар Геология комитетімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, QazaqGaz портфелін 30 нысанға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Мұнда ірі әрі басым газ кен орындары қарастырылған. Бұдан бөлек, Энергетика министрлігі тарапынан шамамен 50 нысан аукционға шығарылады – бұл газ қоры бар учаскелер. Бұл газ саласына инвестиция тартуға оң әсер етеді деп ойлаймын. Қазір жаңа зауыттар салынуда. 2026 жылдың соңына дейін Қашағанда зауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа ірі зауыт шамамен 2,5 млрд текше метр газ өндіретін болады. Сондай-ақ Жаңаөзенде келесі жылы "ҚазГПЗ" зауытын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі", – деп толықтырды Тұтқышбаев.
Бұған дейін Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Мәжілістің кулуарында жанармай бағасын өсіруге мораторийді алып тастау мәселесі әлі қаралмайтынын, бұл шешімді оның тоқтатылуы немесе ұзартылуын үкіметтің қабылдайтынын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:02, 11 ақпан 2026
Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
-
17:58, 11 ақпан 2026
Абай облысында полиция талаптарына бағынбаған мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
-
17:48, 11 ақпан 2026
Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты түсініктеме берді
-
17:32, 11 ақпан 2026
Астана, Алматы, Шымкент: 12-14 ақпанға арналған ауа райы болжамы
-
17:01, 11 ақпан 2026
Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды





