Мадагаскарда дүлей дауыл соғып, қаланың астаң-кестеңін шығарған
© Сурет: бейнежазба скриншоты
Жылдамдығы сағатына 250 шақырымға жететін "Гезани" циклоны Мадагаскардың шығыс өңіріне ойран салды. Салдарынан 31 адам қаза тауып, 33 адам жарақат алды. Із-түзсіз жоғалғандардың нақты саны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, табиғи апаттан әсіресе Тоамасина қаласы қатты зардап шеккен. Алдын ала бағалаулар бойынша, қаладағы үйлердің шамамен 90 пайызы бүлінген. Осылайша, 250 мыңнан астам тұрғынға баспанасыз қалу қаупі төнген.
Ұйытқыған жел үйлердің шатырын ұшырып әкетіп, ірі ағаштарды тамырымен қопарып құлатқан.
Тәуекелдерді басқару және табиғи апаттар жөніндегі ұлттық басқарманың деректеріне сәйкес, тіркелген өлім-жітімнің басым бөлігі ғимараттардың құлауынан болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:27, 14 наурыз 2026
Атырау облысында былтыр 55 әлеуметтік нысан салынды
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:26, 14 наурыз 2026
Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады





