Көкшетаулық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден бір адамды аман-есен құтқарды

11:06, 24 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

2025 жылғы 24 желтоқсанға қараған түні Көкшетау қаласының Станционный кентіндегі Оқжетпес көшесінде орналасқан екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел жеткен.

"Өртті барлау және сөндіру барысында баспалдақ маршымен бір адам құтқарылды. Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында оттың көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Бұған дейін адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдіктінің Польшадан экстрадицияланғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!